Павлодар облысында аудандық ауруханалар жылыту маусымына дайын ба?
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ануар Бұйрашев денсаулық сақтау нысандарын жылыту маусымына дайындау аясында Аққулы ауданында және Железин ауданында болды.
– Аққулы аудандық ауруханасында ағымдағы жылы жылу құбырлары ауыстырылды. Бүгінгі таңда жылу жүйесін жуу, құбырларды, сорғыларды тексеру жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы аудандық ауруханада жылыту, су құбыры, желдету және инженерлік жүйелерді күрделі жөндеу жоспарланған. Железин аудандық ауруханасында ағымдағы жылы жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда 4 су жылыту қазандығын, қоректік су сорғыларын, 4 күл ұстағыш пен 4 түтін сорғышты ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Әрлеу жұмыстары жүргізіліп, күштік электр сымдары ауыстырылды, – деп жазды ол өзінің «Instagram» парақшасында.
Бүгінгі таңда жұмыстар 67%-ға орындалды, оларды тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.