Павлодарда 8 наурызда жедел жәрдемге ер адамдар жиі жүгінеді

Павлодарда 8 наурызда жедел жәрдемге ер адамдар жиі жүгінеді

103 қызметкерлері мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге үйреніп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, станцияда 950-ге жуық қызметкер бар, бірақ олардың үштен бірі ғана әйелдер. Оларды 103 қызметінің қозғаушы күші деп те  атауға болады.

Медицина мамандары мұның себебін түсіндіруге тырысты.

Елена Муравьева 1985 жылы институтты бітіргеннен кейін жедел жәрдем станциясына келген. Дәрігердің айтуынша, жедел жәрдемнің сол кездегі жағдайы  жер мен көктей. 38 жыл бұрын станцияда әдеттегі «рафиктер» мен «таблеткалар» болған, цифрландыру  туралы мүлдем елестету де қиын еді. 

– Сол кезде кардиолог-дәрігер болып жұмыс істеп жүрген анам  менің жедел жәрдемде жұмыс істегеніме көңілі толмайтын еді, – деп еске алады дәрігер. – Ол мені кабинетте  ақ халат киіп отырғанымды көргісі келді. Бірақ мен денсаулық сақтау саласында еңбек жолымды 103-те бастап, тәжірибе жинағаныма еш өкінбеймін. Сонымен қатар, менде ешқашан жұмыс орнын ауыстыру туралы ой болған емес. Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты бірінші болып көріп, оған көмектесуге тырысады. Бәрі ойдағыдай болғанда, әрине, өз жұмысымыздан қуаныш пен шаттық сезімін аламыз. 

Елена Муравьеваның айтуынша, жедел жәрдемдегі жұмыс өте ауыр. Әйелдер зембілді және ауыр медициналық жабдықтарды тасуға мәжбүр.

– Осыған қарамастан, біздің қыздардың қолынан бәрі келеді, – деп күледі 103 қызмет өкілі. – Жалпы, әйелдерсіз жедел жәрдемнің жұмыс істеуі мүмкін емес. Қарттардың сырын  кім тыңдайды? Жастарға кім өмірлік кеңес береді? Шынында да, шақырулар кезінде біз осындай жұмыс орындаймыз. Мен нейропсихиатриялық  бригада да жұмыс істеймін, бірақ біздің қызметте бұл бөліністердің барлығы шартты түрде ғана. Яғни, біз апат кезінде  және жарақат алған жағдайға, созылмалы аурудың өршуіне байланысты шақыруға да барамыз. Жедел жәрдемде нағыз жан-жақты  мамандар  жұмыс істейді.

Елена Муравьева өз қызметінде көптеген марапаттарға ие болған. Өзінің тәжірибесінің арқасында станцияға көптеген жаңадан келгендерге тәлімгер болған. Дәрігер  бүгінгі жедел жәрдем қызметкерлерінің жолы болғанын айтады. Себебі, олардың шақыруға жедел жетуіне және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. 

Елена Муравьеваның әріптесі Әсел Онбаева – жедел жәрдем қызметкерлер  жастар қатарындағы мамандардың бірі. Интернатурада 103 қызметінде еңбек етемін деп шешкен. Осылайша екі жыл фельдшерлік қызмет атқарып,  диплом алғаннан кейін дәрігер болған. 

– Жедел жәрдемде жедел шешім қабылдау қажет, өйткені кейде шұғыл жағдайда пациенттермен жұмыс істейміз, – дейді дәрігер. – Әр секунд қымбат болғандықтан, күшейтілген ырғақпен жұмыс жасаған үшін  мен 103 қызметін таңдадым. Иә, кейде қиын болуы мүмкін, бірақ мұнда шынымен үйреніп, тәжірибе жинайсыз. Жедел жәрдем – кез келген дәрігер үшін ең жақсы мектеп. Сонымен қатар, біздің станция – елдегі ең жақсы станциялардың бірі. Павлодарға басқа өңірлерден дәрігерлер келгені бекер емес, тек біздің қызметке тәжірибе жинақтау үшін келеді. 

Әсел Онбаева 103 қызметкерлері мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге үйреніп қалған, ал үйдегі туысқандары адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін түсінеді. 

– 8 наурызда ер адамдар жедел жәрдемге жиі жүгінеді. Шамасы,  нәзік жандылар бұл күні көбірек жүгіріп, әбігерге түсетіндіктен болар, – деп әзілдейді дәрігер.