Павлодарда апатқа байланысты жарты қалада жарық өшірілді
Қазіргі таңда бірнеше нысанды қосу қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
109 қызметінің мәліметінше, электр беру желілері апатты түрде ажыратылды. Оң жағалау, Саябақ, Усолка қосалқы станциясы уақытша электроқуатсыз қалды. Сондай-ақ бірқатар нысандарда шаруашылық-ауыз су қысымы төмендеді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінде қазіргі таңда басым бөлігі электр желісіне қосылғанын хабарлады.
– Бірнеше нысан ғана қалды. Жарық болмаған үйлердің саны белгісіз. Себебі, қаланың жартысы – оңтүстік бөлігінде электр жарығы өшірілді. Үлкен апат болды. Себебі әзірге белгісіз. Қосалқы станциясынан оң жағалаудағы үйлерді қосу қалды, – деп хабарлады бөлімде.
Су қысымының төмендеуіне қосалқы станциядағы апат себеп болған.