Павлодарда арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтеді

Полиция департаменті тұрғындарды дүрбелеңге түспеуді сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Дүйсенбіде облыс орталығының аумағында Павлодар облысының Ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтеді.
– Облыс қонақтары мен тұрғындарынан автокөлік құралдарының қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.