Екібастұз 1-МАЭС қазандықты жаңғыртуды жоспарлап отыр

Екібастұз 1-МАЭС қазандықты жаңғыртуды жоспарлап отыр
Фото: Константин Шелков

Белгіленіп отырған қызметпен экологиялық порталда танысуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС П1-57-3м типті қазандықты жаңғыртуды көздеп отыр.

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 12 қазанда шыққан бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» айдарында танысуға болады. Сондай-ақ облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodartabigat/activities/directions?lang=ru сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында да жарияланады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 11 қарашада аяқталады. 

Оларды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің  pvlecspert@mail.ru электрондық мекенжайына жіберуге болады. Сондай-ақ ескертулерді Олжабай батыр көшесі, 22 бойынша қабылдайды және +7(7182) 53-23-54 нөмірі арқылы хабарласуға болады.