Павлодарда жарық үшін төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді

Павлодарда жарық үшін төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары 13 желтоқсан күніне жоспарланған. 

Төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшалары және «Astana Plat» ЖШС төлем терминалдары (kassa.24) арқылы жүргізуге болады. 

Жеке кәсіпкерлер компанияның қызметтері үшін төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) мобильді қосымшасы арқылы, деректемелер бойынша Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы жүргізе алады.