Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалады

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Н. Назарбаев даңғылы, 3, 13, 13/1, 15;
- Сұрағанов көшесі, 22;
- Лермонтов көшесі, 112, 114, 116, 118, 120.
Сонымен қатар, сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- «Наройл», «Юг-Дэу», «14 жылдық» жанармай бекеттері;
- «Южный», «Строитель», «Энтузиаст» бағбаншылықтары;
- Достық, 14 жылдық, ДЭУ аумақтарында электр қуаты болмайды.
Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Зеленстрой шағын ауданы жарықсыз қалады.