Павлодарда автокөлік жанып кетті

Павлодарда автокөлік жанып кетті

Оқыс жағдай Н.Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайында орын алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аулада тұрған «Мазда-626» маркалы автокөлігі толығымен жанып кетті.

- Өрт көлемі үш шаршы метрді шарпыды. Жоғары температурадан көршілес «Toyota Voxy» автокөлігінің фарасы мен алдыңғы әйнектері еріп кетті, - дейді департаментте. 

Өрт сағат 17.50-де оқшауланылды, сағат 17-55-де толығымен жойылды.