Павлодарда самокатпен жүрген қызды көлік қағып кетті

Павлодарда самокатпен жүрген қызды көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Оқиға салдарынан қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Радиозауыт шағын ауданында 8 жастағы қызды көлік қағып кеткені туралы шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына алты минутта жеткен. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

– Баланың басының оң жақ бөлігі, оң жақ жамбас бөлігі, кеуде қуысы жарақаттанған, – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінде. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында қыз жол үстінде самокатпен ойнап жүргенде  көлік қағып кеткенін хабарлады.  Кезекші дәрігер қарап шыққаннан кейін амбулаторлық емге жіберілген.