Павлодарда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбек болған
Тексеру кезінде келушінің телефонынан жасырылған ақша табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, №46 мекеме қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетінің жолын кесті.
Мекемеге келген азаматты тексеру барысында ұялы телефон мен оның қапшығына жасырылған ақшалай қаражат анықталды. Табылған заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес хаттама толтырылды.