Павлодарда облыстық олимпиаданың жеңімпазы анықталды

Павлодарда облыстық олимпиаданың жеңімпазы анықталды

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олимпиада Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында өткізілді. Ұйымдастырушы — «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Білім додасына облыстың мамандандырылған мектептерінің 9-11-сыныптарының 41 оқушысы және мемлекеттік тілде оқытатын № 2, 7, 29, 38 жалпы білім беретін мектептердің 4 оқушысы, олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды - эссе жазу және ауызша жауап, қазақ әдебиетінің шығармалары, өмірбаяны, ғылыми мұрасы және Қ. О. Бітібаеваның публицистикалық еңбектері.

Олимпиада қорытындысы бойынша № 2 мектептің 10-сынып оқушысы Томирис Дүйсембаева бірінші орынға ие болып, облыстың білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

- Мен 5-сыныптан бастап қазақ әдебиетіне қызығушылық танытып, көп оқимын. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша түрлі деңгейдегі түрлі олимпиадаларға үнемі қатысамын. Тіл мен әдебиетті оқи отырып,  Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін түсінемін, - дейді олимпиада жеңімпазы.

Томирис Дүйсембаева  2022 жылы облыс әкімдігінің «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегері атанды, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша  республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы. Облыстық кезеңде екінші, биылғы оқу жылында қалалық кезеңде бірінші, облыстық кезеңде үшінші орын алды. Өткен жылы Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасында қалалық, облыстық кезеңдердің жеңімпазы атанып, республикада үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ  қалалық, облыстық гуманитарлық олимпиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.