Павлодарда спорттық алаңдағы төбелес үшін бес ата-ана жазаға тартылды

Павлодарда спорттық алаңдағы төбелес үшін бес ата-ана жазаға тартылды
Фото:pixabay.com/Engin_Akyurt

Бұзақы балаларға шағымдар болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Семья и дети» қоғамдық қорының парақшасына бір топ бала құрдас баланы аяқпен теуіп, ұрып жатқан видеосы жіберілді. Жәбір көрген баланың ата-анасы қоғам белсенділеріне жүгініп, шағымданды. 

– « 8-12 жасар ұлдар ауладағы балаларға тыныштық бермейді. Олар балаларды итеріп, қорлайды, шабуылдайды және жаппай ұрады. Ата-аналары әрекетсіздік танытып жатыр», – деп жазды желі қолданушысы. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.

– Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді департаментте. 

Соттың шешімі бойынша материалдар Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Балалар есепке қойылды.