Павлодарда автокөлік жарық бағанына соғылды

ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 наурызда сағат 09:00 шамасында «Ауди» маркалы автомашинаның жүргізушісі Жібек жолы көшесімен, 13-ші трамвай бағанасына қарама-қарсы жүріп келе жатып, жарық бағанының тірегіне соғылған.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.