Павлодар облысында жолда әйел адам мен баланы қағып кетті
Олар жолдың жүріс бөлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткісі келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Омбы-Майқапшағай автожолында «Hyundai Accent» маркалы автокөлік жүргізушісі әйел адам мен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 12 минутта жетті.
– Шақырту сағат 09:38-де түсті. 28 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға, ал 10 жасар қызды облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.
Оқиға орнында полиция қызмектерлері жұмыс жасап жатыр.
Фото: Константин Шелков