Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Маяковский көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан үйге қарама-қарсы аумақта орын алған.
– Сағат 17.50 шамасында «Лада» маркалы көлік құралын басқарған 37 жастағы жүргізуші Ак. Сәтбаев көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен жолдан өтіп бара жатқан, – деді деді департаментте.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды.