Павлодарда жоғалған бала табылды

Павлодарда жоғалған бала табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол үйден таңертең шығып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Vita іздестіру тобының мәліметінше, жеткіншекті еріктілер мен полиция департаментінің қызметкерлері тауып алған. 

– Ол Batyr mall ойын-сауық орталығында табылды. Бұған дейін ол осы ауданда тұрған. Бала таңертең достарымен қыдыруға шығып кеткен. Ал ата-анасы үйде болмағандықтан ескерте алмаған, – дейді еріктілер. 

Еске сала кетейік, 09:30 шамасында Екінші Павлодар шағын ауданында Мойылды көшесінде тұратын 10 жасар бала үйінен шығып, жоғалып кеткен.