Павлодарда құтқарушылар Усолка өзенінде қыздың өмірін сақтап қалды

Бойжеткен ыстықта шомылмақ болған, бірақ ағыста әлсіреп, жүзе алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Усолка өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары суға батып бара жатқан 2000 жылы туған қызды құтқарды.
– Зардап шегуші ыстық ауа райында шомылғысы келіп, әлі келмей бата бастағаны белгілі болды. ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оған тез арада жүзіп барып, қайыққа көтеріп алды. Құтқарушылар жақын болмағанда қайғылы жағдай орын алушы еді, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарылған азамат мән-жайды анықтау үшін 102-қызметке берілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.