Павлодарда балалар көрмесінің вернисажы өтеді
Көрмеге жүзден астам жұмыс қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
6 мамырда 12:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде «КЕО» мектебі оқушыларының «Әлемнің көркі – жас таланттар» атты балалар көрмесінің вернисажы ашылады.
«КЕО» мектебі 2021 жылдан бастап өңірдің аудандары бойынша мемлекеттік «Артспорт» шығармашылық және спорттық бағдарламасының ресми қатысушысы болып табылады.
– Көрмеде кескіндеме және сурет салу, мүсіндеу, флористика және икебана, ағаш өңдеу үйірмелеріне қатысатын жас өнерпаздардың туындылары ұсынылған. Көркем туындылардың саны 100-ден асады,– деп атап өтті облыстық кітапханада.
Көрмедегі суреттердің авторлары Баянауыл, Успен аудандары мен Ақсу қаласының 4 жастан 17 жасқа балалары болмақ. Әр жас өнерпаз сюжетті және сурет салу техникасын өзі таңдады.
– Суреттерден әр баланың әлемін, оның сұлулық пен әсемдікке деген ұмтылысын, табиғат пен қоршаған әлемге көзқарасын көре аламыз,– делінген хабарламада.
Көрме 3-15 мамыр аралығында жұмыс істейді.