Павлодар облысы АӨК-ке құйған инвестиция бойынша үштікке енді
Күрделі салымдардың барлық дерлік көлемі дәстүрлі түрде өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық салаларына құйылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Finprom.kz сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, елімізде агроөнеркәсіп кешеніне құйылған инвестиция көлемінің жартысынан астамы тек қана төрт өңірге – Солтүстік Қазақстан (175,7 млрд теңге), Павлодар (153,6 млрд теңге), Түркістан (110,2 млрд теңге) және Қостанай (102,4 млрд теңге) облыстарына тиесілі.
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың жеке қаражаты: 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда 710,8 млрд теңге – өткен жылмен салыстырғанда ақшалай түрде 18,3% артық.
Салаға күрделі салымдардың барлық дерлік көлемі дәстүрлі түрде өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметке құйылды: 954,1 млрд теңге, оның 612,4 млрд теңгесі бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіруге, 236,3 млрд теңге мал шаруашылығына салынды.