Павлодарда балалардың фотосуреттері көрмеге қойылды

Павлодарда  балалардың фотосуреттері көрмеге қойылды
Фото: Есенжол Исабек

«Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының әдіскерлері балаларды фотоға түсіріп, фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 – Бүгін біз балалар күніне орай фотокөрме өткізуді жөн көрдік. Бұл көрмеде мерекелік іс-шараға келген балаларды түсіріп, суреттерін іліп қоямыз. Осылайша балалардың көңілін көтеруге тырыстық, – дейді «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының әдіскері Олжас Қоңыратбаев.

Өңіріміздің талантты балалары «Ertis Promenade» сахнасында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.  Сондай-ақ,  балалар сурет салу, веложарыс, билеуден сынға түсті.

Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері ойын-сауық шараларын ұйымдастырды. Балалар сүңгуір құралдары мен құтқару қалқандарын, басқа да құтқару құралдарын өз көздерімен көріп, өрт сөндіру көлігінің ішіне отырып, өрт сөндіру киімін және сүңгуір костюмін киіп көрді. Спорттық жарыстар бірнеше тур бойынша өтті. Эстафеталық жарысқа 100-ден астам бала қатысты.

 Орталық жағажайда арнайы эстафета ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – балалар арасында құтқарушы мамандығын танымал ету, құтқарушы қызметінің шарттарын түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Сайысқа қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз бар, – дейді Павлодар қаласы ТЖБ батығының орынбасары, азаматтық қорғау подролковнигі Тілекжан Галямов.

ТЖБ маманы терек мамығы маусымының басталуымен балалардың қолына жанғыш заттарды бермеуге шақырады.

Фото: Константин Шелков