Павлодарда осы жылғы соңғы жайдарман ойыны өтеді

Павлодарда осы жылғы соңғы жайдарман ойыны өтеді
Фото: Jaidarman_pvl

Бұл додада облыстың ең үздік құрамалары бақ сынаспақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

18 желтоқсан сағат 18:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жайдарман ойындары қалалық лигасының шешуші кезеңі ұйымдастырылмақ. 

Бұл жарыста Ленин кентінің құрамасы «One House», педагогикалық колледжден шыққан қыздар құрамасы «Kundelik.kz», Торайғыров университетінің құрамасы «TOU», Марғұлан университетінің құрамасы «Низам» және еркін құрама «Андриановка» өнер көрсетпек. 

Еске сала кетейік, Торайғыров университетінде өткен облыстық жайдарман лигасында «One House» командасы үздік атанып, 150 мың теңгелік сыйақыға ие болған еді.