Павлодарлықтар Мемлекеттік рәміздер күніне орай диктант жазады

Павлодарлықтар Мемлекеттік рәміздер күніне орай диктант жазады

Диктантқа этно-мәдени бірлестіктің мүшелері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне және Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Отанның орны - жүректе!» атты диктант жазу шарасы өтеді. 

Шараны Қазақстан халқы ассамблеясы Павлодар облысы бойынша филиалы мен халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облысы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастыруда.

Диктантқа Қазақстан халқы ассамблеясы Павлодар облысы бойынша этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелері қатыспақ.

Диктант 2 маусым күні сағат 11:00-де Павлодар қаласындағы «Қоғамдық келісім» сарайының мәжіліс залында өтеді. 

Фото: ашық дереккөздерден