Павлодарда бас көшенің бір бөлігі уақытша жабылады

Павлодарда бас көшенің бір бөлігі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлік жүргізушілері бағыттарын өзгертуге мәжбүр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 16 мамыр күні жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының Торайғыров көшесінен Торговая көшесіне дейінгі (Трамвай депосы) батыс жағындағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Аталған аралықта шығыс жағымен кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады.

Ведомство өкілдері қала тұрғындарынан және жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.