Май ауданының ардагер спортшысы білек күшін сынаудан Азия чемпионы атанды

Май ауданының ардагер спортшысы білек күшін сынаудан Азия чемпионы атанды
Фото: Май ауданының спорт бөлімі ұсынды

Жарыс Үндістанда өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Үндістан мемлекетінің астанасы Дели қаласында армрестлинг спорт түрінен ХХIII Азия чемпионатына Май ауданы Малайсары ауылының тумасы, Кеңтүбек аулының спорт нұсқаушысы, ардагер спортшы Руслан Валитов ел мен облыс намысын қорғаған. Жарысқа Азияның түкпір –түкпірінен түрлі елдердің 800-ден астам қол күрес шеберлері қатысып, өзара білек күштерін сынады. 

Руслан Валитов 50-59 жастағы ерлер арасында, 90 келі жоғары салмақ дәрежесінде тоғыз кездесу өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. 

Чемпионды Май ауданының мәдениет саласының қызметкерлері қарсы алды. Айтыс саңлағы, ақын Ерлан Аманқожа спортшыға арнау айтты. Жеңімпазды оның шаңырағында ата-анасы, туған-туыстары күтіп алды.

Айта кетейік, облыстық мәслихат депутаты, «Павлодаржолдары» ЖШС-нің директоры Рустам Мазугутов спортшының Азия біріншілігіне қатысуына қолдау көрсетіп, демеуішілік жасаған.

Енді Руслан Валитов алдағы күзгі уақытта Болгария мемлекетінде өтетін әлем біріншілігіне барып, қатысуына көмек көрсетіп, демеушілік жасайтын жомарт азаматтарымыз табылады деген сенімде.