Павлодарда автобустар бағыты өзгереді

Павлодарда автобустар бағыты өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшелердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.

Шектеу Кривенко көшесінен Естай көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айта кетерлігі, Сәтбаев пен Естай көшелерінің қиылысы көліктер үшін ашық болады. 

Осыған байланысты бірқатар қоғамдық көліктердің жүру сызбасы уақытша өзгереді:

Автобус бағыттарындағы өзгерістер:

  • № 1э бағыты: Сәтбаев көшесімен келе жатып, жабылған учаскені Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов – Сәтбаев көшелері арқылы айналып өтеді. Кері бағытта да осы сызбамен жүреді;
  • № 18 және № 27 бағыттары: Естай көшесімен шығыстан батысқа қарай жүргенде Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов – Сәтбаев көшелерімен айналып өтеді. Кері бағытта да солай;
  • № 10, № 22 және № 31 бағыттары: Оңтүстіктен солтүстікке қарай Сәтбаев – Естай – Ак. Бектұров – Лермонтов – Сәтбаев көшелерімен айналып өтеді. Кері бағытта да осы жолмен жүреді.

Жұмыс кестесі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін. Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.