Павлодарда батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Жарыстың қорытындысы бойынша спортшылар Әлем чемпионатына жолдама алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Спорттық дода «Баянтау» спорт сарайында өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, елдің тоғыз өңірінен келген 118 спортшы үздік атану үшін өзара бақ сынасты.
– Жарыс жаңа Халықаралық ережелерге сай өтті. Бұған дейін болмаған жаңалық – ерлер мен әйелдердің жұптасып өнер көрсететін синхронды микс бағдарламасы алғаш рет енгізілді. Бұл чемпионат рейтингтік маңызға ие. Нәтижесінде, биыл күзде Испанияда өтетін Әлем чемпионаты мен біріншілігіне қатысатын Қазақстанның негізгі құрамасы жасақталды. Ал мамыр айының соңында спортшыларымыз Қарағанды қаласында өтетін Жастар ойындарында өнер көрсетеді, – деді басқарманың баспасөз қызметі.
Жарыс нәтижесі бойынша Павлодар облысы алтын медальдар саны жағынан көш бастады. Екінші орынға Шымкент қаласының командасы жайғасса, үшінші орынды Қарағанды облысының спортшылары еншіледі. Павлодарлық гимнасттар 7 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram