Павлодарлық футбол клубы Премьер-лигаға биыл қайта оралуы мүмкін
Қазақстанның бас футбол дивизионындағы бір орын босады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан футбол федерациясы лицензиялау Комиссиясының отырысында OLIMPBET-ҚР Чемпионатына қатысушыларын лицензиялау процесінің нәтижесі қаралды. 2024 жылғы Премьер-лигада «Мақтааралға» орын табылмады.
- «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын, - делінген Қазақстан футбол федерациясының ресми хабарламасында.
«Мақтааралға» 20 ақпанға дейін Бірінші немесе Екінші лига командалары арасындағы ҚР Біріншіліктеріндегі қатысуын дәлелдеуге уақыт берілді. Демек, Атакент командасы элиталық дивизионға қатысуға жол берілмейді.
Бұл жағдай былтыр Премьер-лигада 14-орын алып, төменгі лигаға сырғыған павлодарлық «Ақсуға» зор мүмкідік. «Каспий» мен «Оқжетпес» «Ақсудан» жоғарырақ орындарға ие болғанымен, олардың ҚПЛ-ға қатысуға қаржылық жағдайы жоқ.
Шешім жақын арада шығарылады деп күтілуде.