Павлодарлық велоспортшы алтын алды
Спортшы екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15-19 маусым аралығында елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті.
- Жарыс қорытындысы бойынша Тереңкөл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт бөлімінің оқушысы Анастасия Наливайко спринт омниумында бірінші орын иегері атанды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында.
Сонымен қатар, 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында үш күнге созылған топтық жарыста Анастасия қола жүлдегер атанды.