Павлодарда бейбітшілікті бейнелейтін көрме қойылады

Павлодарда бейбітшілікті бейнелейтін көрме қойылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Суретшілердің жұмыстары келушілерді ойландыруға итермелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20 сәуірден бастап Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Әлем туралы әңгіме» атты музей қорынан ұйымдастырылатын көрме ашылады. 

– Көрме тұрғындарға жаһандық оқиғалар мен әр адамның іс-әрекеті туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бәріміздің мақсатымыз бен арманымыз бір – бейбітшілкте, мейрімділік пен махаббатта өмір сүру,– деді музейде. 

Көрмеге Александр Бибин, Нағымбек Нұрмұхаммедов, Бахтияр Табиев, Салихитдин Айтбаев, Игорь Рубин, Виктор Крылов, Михаил Колмогоров, Елена Карасулова, Регина Велинаконова және басқа да суретшілердің жұмыстары қойылады. 

Аталмыш көрме 12 мамырға дейін жұмыс істейді.