Павлодарлықтарды бас шыршаны жағу салтанатына шақырды
Іс-шара Орталық алаңда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, шыршаны жағу салтанаты 20 желтоқсан күні сағат 17:00-де өтеді. Мереке бағдарламасында павлодарлық өнерпаздардың концерттік қойылымдары бар. Кештің арнайы қонағы – қазақ эстрадасының танымал әншісі Мирас Жүгінісов.
Мерекенің ең маңызды сәті – Аяз ата мен Ақшақардың келуі. Олар көпшілікпен бірге қаламыздың бас шыршасының шамдарын жағып, мерекенің шырайын ашады.
Айта кетейік, балалар үшін арнайы ойын алаңдары мен тақырыптық аймақтар ұйымдастырылады.