Павлодарда скетчинг студиясының жас суретшілері алғашқы көрмесін өткізеді

Павлодарда скетчинг студиясының жас суретшілері алғашқы көрмесін өткізеді
Фото:pixabay.com

Олар түрлі технология арқылы шеберліктерін шыңдауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

7 ақпан күні сағат 16:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде Дәурен Көшен мен Арман Болат басқаратын «Sketchacademy» кескіндеме және скетчинг студиясы оқушыларының «Sketch Art»  есептік көрмесі ашылады. 

– Алты жылдан астам уақыт аралығында балалар мен ересектер студияда кескіндеме және эскиз жасауды үйренді. Көптеген орындау әдістері балалардың қиялымен бірге ұштасып, таңғажайып бейнелермен ерекше суреттер жасалды. Жас суретшілер үшін бұл кішігірім мереке және әркім өзінің шығармашылық қабілетін дамыта алатын өнер мен шығармашылық әлеміне алғашқы қадам, – дейді ұйымдастырушылар.

Суретшілердің заманауи шығармашылығы жаңа технологиялар аясында қарқынды дамуда. Бүгінде тіпті нейронды желі қосымшасы арқылы иллюстрациялар жасауға болады. Бірақ суретшінің авторлық жұмысы әрқашан жоғары бағаланады және бір саты биік тұрады. Есеп беру көрмесіне бес жастан 15 жасқа дейінгі оқушылардың 40-қа жуық жұмысы ұсынылған.

Көрме 16 ақпанға дейін жалғасады.