Павлодарлық филармония концерттік маусымының ашылуында мәдени сенсация ұсынбақ

Тірі оркестрлік музыка, таза дауыстар, ерекше хореография және залдың керемет акустикасы — бұл кешті нағыз мерекеге айналдырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының жаңа 84-ші концерттік маусымының ресми ашылуы 26 қыркүйек күні, сағат 19:00-ге жоспарланған. Кеште тыңдармаңдарға атақты қонақтар мен талантты жас әртістер қатысатын «Лад» орыс халық аспаптары ансамблінің ауқымды концерті ұлттық, классикалық және заманауи музыкамен өрнектелген керемет кеш күтеді, бұл кеш нағыз ләззат сыйлайды.
– Жаңа шығармашылық маусымда павлодарлықтар мен қала қонақтарын музыка әуесқойларының түрлі талғамына сай келетін бай және алуан түрлі репертуар күтеді. Бұл бағдарлама ең талғампаз тыңдарманды да бейжай қалдырмайды.
Кеш барысында көрермендерді жарқын және мазмұнды бағдарлама, көптеген қызықты жаңалықтар мен жағымды тосынсыйлар күтеді. Өткен маусымда өзінің 10 жылдығын атап өткен «Лад» ұжымы жаңартылған құрамда көрініп, халық шығармашылығының музыкалық жауһарларын және әлемдік классикаға айналған әуендерді тың әрі ерекше түрде ұсынады.
Кеш бағдарламасында: «Джоға арналған ән» (А. Муикини), «Құстар әні» және «Ата толғау» (Н. Тілендиев), «Сен» (К. Байекенов, Қ. Жүнісов), Танго «Пожалуйста» және «Fuga Y Misterio» (А. Пьяццолла), «Фламенко стиліндегі пьеса» (В. Козлов), «Ескі банжо» (А. Гуревич), «Рок-фантазия» және «Queen аңызы» (В. Романескул аранжировкасы), Татар халық әні «Залида» және т.б.
Сахна төрінде атақты қонақтар өнер көрсетеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, дирижерлер Виктор Денисенко мен Талғат Кәрімов, Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Дамир Султанов, Қазақстан мәдениетінің үздігі, шебер пианист Марго Колаян, белгілі ақын Ирина Червякова өз өнерлерін паш етеді.
Оған қоса, жас таланттар да өз шығармашылығымен қуантады.
– Кештің шымылдығында сахнаға Павлодар музыкалық колледжінің студенттер оркестрі шығып, Қазақстанда тұңғыш рет «Светит месяц» атты орыс халық әнінің вариациясын орындайды. Атақты Василий Андреевтің жүз жылдан астам бұрын жазған осы оркестровкасы түпнұсқа классикалық нұсқада орындалып, аймақ мәдениетінде нағыз шағын сенсация болмақ, – деді ұйымдастырушылар.
Тірі оркестрлік музыка, таза дауыстар, ерекше хореография және залдың керемет акустикасы — бұл кешті нағыз мерекеге айналдырады.
Концерт басталғаннан кейін 10 минуттан соң зал есіктері жабылады. Азық-түлік пен сусындармен кіруге қатаң тыйым салынады.
Билеттерді филармония кассаларынан және Ticketon онлайн-сервисінен сатып алуға болады. Байланыс телефондары:8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97.