Павлодарда дабыл жүйесі тексеріледі

Павлодарда дабыл жүйесі тексеріледі
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Ол республикалық оқу-жаттығу аясында іске аспақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 28 мамыр күні сағат 11.00-де электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді. Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының назарына!» дегенді білдіреді, - делінген хабарламада.

Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле – радио қабылдағыштарын қосып, ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы, сонымен қатар, басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет.

Төтеншеліктер дыбыс дабылы қосылған кезде облыс тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұрайды.