Павлодар облысының азаматтары табиғи резерватқа сұрақтарын қоя алады

Павлодар облысының азаматтары табиғи резерватқа сұрақтарын қоя алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ертіс орманы» бас директорының міндетін атқарушысы азаматтардың ұсыныстарын тыңдауға дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурыз күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Қазбек Әметов азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. 

Қабылдау мекенжайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылдық округі, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60, «Ертіс орманы» табиғи резерватының ғимараты.

Жазылу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7(7182)78-77-33, +7(777)545-09-45.