Павлодарда демеушілік қаражат есебінен екі балабақшада күрделі жөндеу жүргізіледі

Павлодарда демеушілік қаражат есебінен екі балабақшада күрделі жөндеу жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы кезеңде ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы білім бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы бес, атап айтқанда №19, 24, 34, 72, 126 балабақшалардың терезелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, 11 балабақшада шатырға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. 

–  Демеушілік қаражат есебінен Павлодар қаласының №50 балабақшасында терезелерді ауыстыру және Мойылды ауылының №47 балабақшасында ғимараттың қасбетін жөндеу бойынша күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, – деді білім бөлімінде. Оған қоса, облыс әкімінің гранты аясында Павлодар қаласының № 33 балабақшасының аумағын абаттандыруға және жарақтандыруға қаражат бөлінді.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен сегіз, атап айтқанда №11, 23, 24, 27, 29, 40, 43, 111 балабақшаларында асфальт жабыны ауыстырылады. 

Бұдан бөлек, №53 бөбекжай-бақшасының энергиямен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілмек. Оң қорытынды әзірленіп, алынғаннан кейін 2026 жылға арналған бюджет жобасына енгізу үшін бюджеттік комиссияның қарауына шығарылатын болады.

– №38 бөбекжай-балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Оған қоса, №53 балабақшасының терезелерін және шатырды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, олар 2026 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы кезеңде ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн, – деді білім бөлімінде. 

Айта кетейік, Павлодар қаласында 73 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйым бар. Оның 22-сы қазақ тілінде, қалғаны аралас тілде тәрбие береді. Сонымен қатар, 10 жекеменшік ұйым және екі шағын орталық қызмет көрсетеді.