Павлодарлық киберспортшылар өзара шайқасқа түсті
330 қатысушы тіркеліп, 55 команда жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірлік IT hub-тың мәліметінше, 25 ақпанда киберспортшылар арасында турнир аяқталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.
Турнир үш күн жалғасқан. Финалдық шайқас оффлайн LAN форматта өткен болатын.
Қатысушылар шеберлік пен стратегиялық ойлаудың жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдегі бәсекелестік пен шиеленіс қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де қызықты болды,– деді ұйымдастырушылар.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «PVLEKB» командасы, екінші орынды «intheflow x tou» және үшінші орынды «ERROR» командасы иеленді.