Павлодар облысында үш адам жол апатында зардап шекті

Павлодар облысында үш адам жол апатында зардап шекті
Фото: Павлодар облыстық ПД

Жол-көлік оқиғасы Астана - Павлодар автожолының 358 км-де Пограничник ауылының жанында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 ақпанда Toyota Camry-50 автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған Volvo жүк автокөлігінің тіркемесінің артқы бөлігімен қақтығысқан.

ЖКО салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі және 1984 және 2000 жылы туған жолаушылары әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.