Екібастұзда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті
Облыс әкімі жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да 2 қазандық іске қосылды. ЖМ-7 және ЖМ-10 жылу желілері толығымен толтырылды. Тағы бес магистраль - 1, 3, 5, 8, 12 толтырылуда, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар келесі нөмірлер бойынша өтініш бере алады.
Екібастұз қаласы әкімдігінің және коммуналдық қызметтердің байланыс нөмірлері:
- Әкімдік: 34 10 00, 34 02 20, WhatsApp – 8 775 710 02 91;
- Жылу желілерінің диспетчерлік қызметі: 75 08 04, 28 06 94;
- Қалалық су арнасы: 77 50 39, 34 78 27, 27 87 87, WhatsApp – 8 702 667 80 90;
- Екібастұз қаласының ТҮКШ бөлімі: WhatsApp – 8 702 120 18 63;
- Екібастұз қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі: WhatsApp – 8 705 584 15 13.