Павлодардағы авиақалашықта болған өрттің мән-жайы белгілі болды
Өрт шыққан үйден 7 адам өз бетінше эвакуацияланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін, яғни 28 тамыз күні сағат 17:52-де Павлодар қаласындағы авиақалашықтағы әуежай көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
- Жеке меншік аумақта ағаш үй өртенді. Монша шатырының жартылай ағаш құрылымдары, ағаш қоршауы жанып, үйдің пластикалық терезелері жоғары температурадан еріп кетті, - делінген хабарламада.
Тілсіз жау жалпы алаңы 30 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін үйден 7 адам өз бетінше эвакуацияланған. Оның 3-еуі бала. Жалын 18:29-да оқшауланып, 18:42-де жойылды. Өрттің себебі мен салдары және шығын көлемі анықталуда.
Еске сала кетейік, оқиға орнына 2 бірлік иехника мен 8 өрт сөндіруші жұмылдырылды.