Павлодарда екі жолаушы зардап шекті

Павлодарда екі жолаушы  зардап  шекті
mkset.ru

Жол-көлік оқиғасы Толстой көшесінде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 наурыз күні сағат 13:00 шамасында Толстой көшесі, 96 үйіне қарама-қарсы аумақта «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі солға бұрылған кезде жол бермей, қарсы келе жатқан «Hyundai» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. 

Салдарынан Volkswagen автокөлігінің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша тексеру жүргізіледі.