Павлодарда көлік жүргізу кезінде телефон қолданған жүргізушілер жазаланды

Павлодарда көлік жүргізу кезінде телефон қолданған жүргізушілер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлік жүргізу кезінде телефон қолдану реакция жылдамдығын төмендетіп, жолдағы қауіп деңгейін айтарлықтай арттырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ак. Сәтбаев көшесінде Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жолда келе жатып, телефонмен сөйлескені үшін тоқтатылды. Ал Қайырбаев көшесінде Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші де дәл осындай құқық бұзушылыққа жол берген.

Жыл басынан бері өңірде осындай 1571 құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

– Көлік жүргізу кезінде телефон қолдану реакция жылдамдығын төмендетіп, жолдағы қауіп деңгейін айтарлықтай арттырады. Қазіргі уақытта арнайы гарнитуралар мен көлікке арналған телефон ұстағыштар қолжетімді болғанымен, кей жүргізушілер бұл талаптарды елемей келеді. Көлік жүргізу кезінде телефон қолдану мас күйде рөлге отырумен бірдей қауіпті, – деді тәртіп сақшылары.

Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр жүргізушінің жеке жауапкершілігі екенін еске салып, телефонды тек қауіпсіз жағдайда немесе арнайы құрылғылар арқылы пайдалануға шақырады.