Танымал тұлға: Ақтоғайлықтардың салған үздік суреттері көшедегі баннерге ілінеді

Танымал тұлға: Ақтоғайлықтардың салған үздік суреттері көшедегі баннерге ілінеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудан тұрғындары арасында шығармашылық байқау жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Актоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілді дамыту саясатын жүзеге асыру максатында «Үздік баннер эскизі» атты байқау өткізеді. Оған әртүрлі жастағы аудан тұрғындары қатыса алады.

– Эскизде танымал тұлғалардың суретін немесе Президенттің тіл туралы ұлағатты сөздерінен үзінді орналастыру керек. Дизайн форматы – ақпараттық, қоғамға түсінікті, бір қарағанда қабылдауға оңай, оқуға жеңіл болғаны шарт. Сондай-ақ, жоғары сапада жүктелген, артқы фон түсі ашық болуы кажет, – деді аудан әкімдігінде. 

Байқаудың материалдары CorelDraw және jpg/png форматында  ovpakt@mail.ru электронды поштаға жолдау керек.  Нәтижелері @aktogai.is.j.tdb инстаграм парақшасында жарияланады. 

Ең үздік баннер эскизі ауданымыздың көшесінде ілінетін болады. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады, – деді аудан әкімдігінде. 

Сайысқа катысатын үміткер туралы мәлімет пен баннер эскизі  29 желтоқсанға дейін қабылданады.