Павлодарлық жастар шағын грант ұтып, кәсібін дамыта алады

Павлодарлық жастар шағын грант ұтып, кәсібін дамыта алады
Фото:pixabay.com

Шығармашыл тұрғындар бағын сынап, конкурсқа қатысуға мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі ҮЕҰ арасында «Jastar time» шағын гранттары конкурсын ұйымдастырады. 

Өтінімдер жеті бағыт бойынша қабылданады:

  1. «Менің сүйікті қалам» - қаланың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау;
  2. «Oqu life» – 5 бағыттан кем емес сұранысы жоғары диджитал мамандықтарға негізгі білім, іскерлік және дағдыға негізделген қысқа мерзімді курстар арқылы жастарды оқыту;
  3. «Art stylе» – шығармашылық әл-ауқатты ашу: кескіндеме, қыш ісі және ағаш пен қол астындағы материалдарды пайдалана отырып заттардың пішінің және әсемдігін өнер арқылы көрсету шеберлігі;
  4. «Gorod vozmozhnostey» – кәсіпкерліктің негіздеріне жастарды оқытумен байланысты бағыт, уақытты тиімді пайдалану және берілген сала бойынша одан әрі өзін-өзі жетілдіру біліктілігі;
  5. «Этно stylе» - тәжірибелік шеберлік-сағаттарын және оқытуды (зергерлік іс, ұлттық киім және тігу және т.б.) ұйымдастыру жолымен тарихи-мәдени мұраны насихаттау;
  6. «Жеті ата» – өзінің ата-тектеріне байланысты бағыт. Онда қатысушылар өздерінің теориялық білімдерімен қатар практикалық тұрғыдан да біліктіліктерін көрсете алады;
  7. «Күшіміз бірлікте» –  Қазақстанда тұратын ұлттардың мәдениетін дамытуға және танымал етуге, олардың өзіндік ерекшелігін, тілі мен мәдениетін зерделеу.

Өтінімдер 24 мамырға дейін қабылданады.

Жеңімпаздар өз жобаларын іске асыру үшін 500 000 теңге ұтып алады.