Павлодар облысында намаз уақыты өзгереді
Бұл уақыттың артқа жылжуымен байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.
Бұл күні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Сонымен қатар, жұма намазының уақыты да өзгермек. Павлодар облысында жұма намазы 1 наурыздан кейін сағат 13:15-те оқылатын болады.
Айта кету керек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады.
Фото:muftyat.kz