Павлодарда көше қиылысы 10 күнге жабылады
Назарбаев даңғылы мен Қазправда көшесінің қиылысында трамвай өткелінің екінші жағы жөнделуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Трамвай басқармасының мәліметінше, аталған учаскеде шусыз өткелдерді орнату жоспарлануда. Осыған байланысты 23 мамырдан бастап көлік қозғалысы ішінара жабылады. Вагондар кесте бойынша жүреді.
– Жұмыс мерзімі 10 күнге созылады. Саяжай шағын ауданынан қала орталығына қарай қозғалыс жабылады, кері қарай ашық болады, – деп жазылған хабарламада.
Автокөлік иелерінен бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.