Павлодарда бір көшенің бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты Лермонтов көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін Набережная көшесінен академик Сәтбаев көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Ведомство жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.