Павлодарда магистральдық су құбыры зақымданды

Павлодарда магистральдық су құбыры зақымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Апат салдарынан бірнеше мекенжайда ауызсу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, бөгде ұйым жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде Набережная көшесі, 5/1 мекенжайындағы диаметрі 400 миллиметрлік магистральдық су құбырын зақымдаған.

Кәсіпорынның апаттық қызметі ақау толық жойылғанға дейін су беруді уақытша тоқтатты.

Су келесі мекенжайларда болмайды:

  • Набережная көшесі, 1, 3;
  • Астана көшесі, 10/1;
  • Торайғыров көшесі, 49;
  • Астана көшесі, 8/1 (әкімшілік ғимарат).

Сумен жабдықтау құбырдағы зақым жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі.