Павлодар қаласының көшесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда

Павлодар қаласының көшесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін Ак. Сәтбаев көшесінен Ак. Бектұров көшесіне дейінгі Лермонтов көшесінде қоғамдық көліктен басқа, автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Ведомство жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.