Павлодарда мерген полицей қыздар анықталды (ВИДЕО)
Жарыс тергеу бөлімшелерінің қыздары арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Динамо» спорт кешенінде өткен байқау Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінде тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
– Форма киген ханым ұқыптылық пен ептілік танытып, тек сүйкімділікпен ғана емес, дәлме-дәл атып түсіретін мерген бола алатынын тағы бір дәлелдеді. Нәтижесінде Екібастұз қалалық полициясының тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Мәншүк Дисупова үздік деп танылды. Екінші орынды Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі тергеушісінің көмекшісі полиция сержанты Алина Нұрланқызы иеленді. Қола жүлдені полиция аға тергеушісі полиция майоры Ақмарал Нұржанова иеленді, – деді департаментте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге гүл шоқтары, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.