Павлодарда ең спорттық отбасы анықталады

Олар түрлі жарыстарда күштерін сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, павлодарлықтарды дене шынықтыру күніне орай өтетін отбасылық спорттық марафонға шақырады.
Ойынға 35 жасқа дейінгі жас отбасылар қатыса алады. Команда үш адамнан, яғни, әке, ана, және екі немесе төрт балалары болуы тиіс команда қатысады.
– Бағдарламада жүгіру эстафетасы, доппен ойындар, дәлдікке ату, отырып тұру, арқан тарту ойындары бар. Ең үздік бес команда кубоктар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады, – деді ұйымдастырушылар.
Іс-шара 17 тамызда Усолка шағын ауданы шаңғы базасында сағат 10:00- де басталып, 12:00-ге дейін жалғасады. Өтініштер 15 тамызға дейін қабылданады. Қосымша байланыс телефоны: +7 705 768 18 50.